Петропавлда 17 жастағы тұрғын көшеде ересек адамды пышақтап кеткен

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім тұрғын үйлердің біріндегі аулада 51 жастағы ер адамды пышақтап кетті деген күдікке ілінді.

Петропавлда 17 жастағы тұрғын көшеде ересек адамды пышақтап кеткен
фото: Halyq Uni

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Петропавловск.news СҚО ПД деректеріне сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, бұл оқиға 21 қарашада сағат 20:32-де Сейфуллин көшесіндегі тұрғын үй ауласында болған. Полицейлер соған қатысы бар 20 және 17 жастағы үш күдіктіні ұстады.

Алдын ала болжам бойынша жәбірленушіні пышақтап кеткен 17 жастағы жасөспірім анықталды. Ол бұрын түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – делінген хабарламада.

Қазір ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.