Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан сұлап түскені анық байқалады. Соққыға жығылған тұрғын жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.
Кейін марқұмның төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал ұрған ер адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шыққан.
Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған. Бірақ осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары да, төтенше жағдайлар департаменті де қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.
Айта кетейік, қаза болған подполковниктің артында алты баласы әкесіз қалды.