Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап мерт болды

Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап, қайтыс болды. Полицияның ақпаратынша, ол суицид жасаған, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап мерт болды
Фото: ukranews.com

Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Оқыс оқиға 19 қараша күні таңғы уақытта «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болған. Тергеу барысында қаза тапқан жігіттің 2001 жылы туғаны белгілі болды.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.