Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 қарашада сағат 05:45 шамасында Ақтөбе – Орынбор тасжолының 73 шақырымында болған.

«Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды», - делінген хабарламада.

Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.