Астанада автобустың әйнегін сындырған адам ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін таңғы сағат 5.50-те Астанада полицейлер Иманов пен Брусиловский көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған автобустың әйнегін сындырған ер адамды ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Астанада автобустың әйнегін сындырған адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Тәртіп бұзған адам ҚР ӘҚБтК-тің 434-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ұсақ бұзақылық) және уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.