Семейде 17 жастағы жігіт көпірден секіріп, мерт болды (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт автокөлік көпірінің ортасына жетіп, содан кейін рельстен өтіп, өзін көпірден тастап жіберген.

Семейде 17 жастағы жігіт көпірден секіріп, мерт болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Семейде жас жігіт көпірден секіріп, мерт болды. Оқиға кезінде өтіп бара жатқан куәгер өзіне-өзі қол жұмсау сәтін байқаусызда камераға түсіріп алған, деп хабарлады paryz.kz, қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 22 қаңтар күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт автокөлік көпірінің ортасына жетіп, содан кейін рельстен өтіп, өзін көпірден тастап жіберген. Ол алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Жас жігіттің көпір қоршауынан құлаған сәті көпірден өткен адамдардың кадрына түсіп қалған.

Кейбір мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам 2003 жылы туған. Қазіргі уақытта қалада жас жігіттің өлімі тексерілуде. Полиция басқармасы өлім фактісін растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ПБ баспасөз қызметі.