Шымкентте жол апатынан скутер мінген жасөспірім қаза тапты

Шымкентте жол апатынан скутер мінген 16 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шымкентте жол апатынан скутер мінген жасөспірім қаза тапты
Фото: polisia.kz

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қарашада сағат 19:40 шамасында болған.

«Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.