Ақтөбеде жол апаты салдарынан 2 адам тірідей өртеніп кетті

Ақтөбеде жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінң баспасөз қызметі.

Ақтөбеде жол апаты салдарынан 2 адам тірідей өртеніп кетті
фото: polisia.kz

8 қараша күні сағат 17:30-да Ақтөбе-Богословка автожолында «Бауырластар» ТА манында «Toyota Estima» автокөлігі «Зил» жүк автокөлігімен соқтығысты. Соқтығысудан кейін жеңіл көлік өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында «Toyota Estima» автокөлігінің жұргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады