Ақтөбе облысындағы автожолда сиырмен соқтығысқан көлік өртеніп кетті

Ақтөбе облысындағы автожолда сиырмен соқтығысқан көлік толықтай өртеніп кетті, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ақтөбе облысындағы автожолда сиырмен соқтығысқан көлік өртеніп кетті
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңғы мезгілде Покровка – Ембі – Кеңқияқ автожолында Toyota Ipsum автокөлігі сиырмен соқтығысып қалған. Салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі толықтай өртеніп кетті.

Оқиға Кеңқияқ ауылынан 30 шақырым қашықтықта болды. Автокөліктің рөлінде Кеңқияқ ауылының 57 жастағы тұрғыны болған. Такси қызметін ресми түрде іске асырған жүргізуші 7 жолаушысымен бірге Ақтөбе қаласына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы садарынан зардап шеккендер жоқ, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір мал иесін анықтау шаралары қабылданып жатыр.