Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болған.

«Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген», - делінген хабарламада.

Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек.

ҚР Қылмысиық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.