Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың сөзінше, бірінші қараша күні Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғынынан қазан айында белгісіз ер адамның қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны туралы арыз түскен.
«Аталған дерек ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1974 жылғы К. есімді күдікті азаматты анықтап, ұстады. Соттың санкциясымен ұсталған адам сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды»,- дейді облыстың бас полицейі.
Айтуынша, қазіргі уақытта қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалды.