Алматы облысында тағы бір бала зорлыққа ұшырағаны анықталды

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған бүлдіршінге қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматы облысында тағы бір бала зорлыққа ұшырағаны анықталды
Фото: ашық дереккөз

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың сөзінше, бірінші қараша күні Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғынынан қазан айында белгісіз ер адамның қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны туралы арыз түскен.

«Аталған дерек ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1974 жылғы К. есімді күдікті азаматты анықтап, ұстады. Соттың санкциясымен ұсталған адам сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды»,- дейді облыстың бас полицейі.

Айтуынша, қазіргі уақытта қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалды.