Алматыда 62 жастағы мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болған (ВИДЕО)

Алматыдағы мектептің бірінде күзетші оқушыға жәбір көрсетті. Ішімдікке тойып алып, білгенін істегісі келген, деп хабарлайды Paryz.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарнаның хабарлауынша, білім ордасына кіребергенде күзетші қызды күшпен ұстап, озбырлық көрсеткен. Ал мектеп әкімшілігі бұл істі жылы жауып қойғысы келген көрінеді. Ата-аналар жиналған бетте директор сыртқы есіктен қашып кетті дейді.

6-сынып оқушысы мектепке құрбысының үй тапсырмасын алып кетуге барған. Пән мұғалімі оны күзетшінің жанында қалдырған. Сол мезетте алпыс екі жастағы күзетші қызға бас салып, құшақтап, сүйген.

Её прям тресло, она прям не могла даже на улицу выйти… Қызым келгенде денесі дірілдеп, сөйлей алмай өте жаман хәлде болды. Айтып жеткізу мүмкін емес. Күзетші сағат 11-ден бастап ішкен көрінеді, қызым сағат екілердің шамасында мектепте көп адам болмағанда барған. Сүйіп, әдепсіз әрекеттер жасаған. Мектептің тарапынан ешқандай көмек болмады, олар бізде шу шығармаңыздар деп түрлі ұсыныстар жасады. Күзетшінің қызы келіп ақша ұсынды, әкесі ұзақ жылдар бойы ішімдік ішетінін айтты. Мен қызымды директор орнын босатпайынша мектепке жібермеймін, - дейді қыздың анасы Юлия.

Сұмдық оқиғаны бастан кешірген жеткіншек бірден атасына хабарласып, мән жайды айтып берген. Ашуға булыққан ақсақал немересіне озбырлық жасаған күзетшімен әңгімесінің аудиожазбасымен бөлісті.

Жолдасым күзетшімен сөйлесуге келген ол қып қызыл мас болып отырды, айналасында бөтелкелер толы. Бар жігерін жинап ол кісіге қолының ұшын да тигізген жоқ. Біз ата-аналар болып директор мен әкімшілікті жазалауын сұраймыз, дейді қыздың апасы Татьяна. 

Мектепте болған жаға ұстатарлық жағдайдан кейін ата-аналар директордан жауап алмақшы болған.

Балаларымызды бұл мектепке қалай жіберетінмізді білмейміз. Кеше директормен кездесуге келдік. Бірде бір сұрағымызға жауап бермеді. Мұғалімдер бүгін екінші есіктен қашып шығып жүр, директор камераларды көре сала қашып кетті. Бұл мектепте балалардың қауіпсіздігі үшін ешқандай жағдай жасалмаған, дейді ата-ана Дарья Шестакова.

Мектеп директоры түстен кейін ғана қарасын көрсетті. «Ішімдік ішкен күзетшіні біз емес, жеке компания жұмысқа алды» - деп жауап берді.

Біздің тарапымыздан «Алтын Әлем груп» ЖШС-мен келісімшартты бұзып, шағым түсіріп хабарлама жібердік. Шараға байланысты тәртіптік жаза пән мұғаліміне алынды, одан кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға берілді және мектептің әкімшілік, завхозға да әкімшілік тарапынан выговор берілді.
Оқиға болған күннен бастап күзетші жауапкершілікке тартылып, жұмыстан босатылған. Қазір 15 тәулікке қамауға алынған,- дейді мектеп директоры.

«Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК 124 бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», дейді қалалық ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.