16.10.2023, 11:39

Маңғыстау облысында жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында жол апаты болып, жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 қазанда Жетібай-Ақтау тасжолында болған.

«Жол-көлік оқиғасы сағат 14:20 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 41/745-ші шақырымында болған. Оқиға салдарынан жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады», - деп жазады Lada.kz.

Полицияның мәліметінше, Volvo FH жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға кіріп кеткен, артынша көлік аударылған.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деп хабарлады ведомство.

Жүк көлігінің қатысуымен болған апаттың салдары видеоға түсіп қалған.