Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Талдықорғанда зейнеткер банк бөлімшесінде өзіне қол жұмсаған

Талдықорғандағы банктердің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Талдықорғанда зейнеткер банк бөлімшесінде өзіне қол жұмсаған
Фото: Pixabay

74 жастағы кейуана қарызын өтей алмаған. Содан соң ол банк бөлімшесіне барып, сол жерде өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Несие алған банкке барған кейуана қолын пышақпен кесіп жіберген. Бақытымызға орай, жарасы тайыз болып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін егде жастағы науқас амбулаторлық емдеуге үйіне жіберілді.