Мешітке келушілердің телефонын ұрлаған тараздық тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Жамбылдық полицейлер тағы да ұрлық дерегін анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Ұсталған адам 11 қазан күні орталық мешітке келушілердің намаз оқып жатқан кезде арам пиғылын іске асырған. Сол кезде ол, 45 жастағы азаматтың ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан құны 250 мың теңге тұратын Oppo 7 телефонын және оның 29 жастағы досының 570 мың теңгелік IPhone 13 телефонын ұрлап кеткен. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ПД хабарламасында.