Ақтөбеде жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электрмонтаждау жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz 

Ақтөбеде жұмысшы қаза тапты
Фото: pixabay

Оқиға 10-қазан күні сағат 17:10-да болған. «МСС-КИП Автоматика» ЖШС-нің 40 жастағы қызметкері 9 метр биіктіктен құлап кетті.  Жұмысшы бірден жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен, 11 қазан күні қайтыс болды.

Еңбек кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамында еңбек инспекциясының мамандары да болады, — деп хабарлады облыстық еңбек инспекциясы басқармасы.