Шымкентте жол ортасында көлік өртенді

Шымкент қаласында екі көшенің қиылысында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлады Paryz.kz.  

Шымкентте жол ортасында көлік өртенді
Фото: видеодан скриншот

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Айта кетсек, жыл басынан бері қала аумағында автомобильдерде 39 өрт болды. Негізгі себеп – қысқа тұйықталу және дұрыс көрсетілмеген техникалық қызмет.