Алматыда жүк көлігі скутердегі 13 жастағы жасөспірімді басып, мерт қылды

Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан жасөспірімді жүк көлігі басып кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 

Алматыда жүк көлігі скутердегі 13 жастағы жасөспірімді басып, мерт қылды
Фото: видеодан скриншот

Кісі өліміне әкелген жол апаты бүгін сағат 15:55-те Алматының Тимирязев көшесінде болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.  

«Howo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж. есімді баланы қағып кетті. Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.