ЭКСПО маңында салынып жатқан ғимарат өртенді

Елордадағы ЭКСПО ауданында салынып жатқан ғимарат өртенді, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

ЭКСПО маңында салынып жатқан ғимарат өртенді
Фото: видеодан скриншот

Оқиға туралы ақпарат сағат 15:08-де түскен. Есіл ауданындағы Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында ғимарат өртенген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс материалдары жанып жатты. Өрттің ауданы – шамамен 200 шаршы метр. Оны сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 20 маманы мен 4 техника жұмылдырылды, – деп жазылған хабарламада.

Өрт сағат 15:55-те ауыздықталған, бірақ толық сөндірілмеген. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.