Астанада 18 жасар қыз тұрғын үй балконынан құлап, мерт болды

Елордада балконнан құлап қайтыс болған қызға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада 18 жасар қыз тұрғын үй балконынан құлап, мерт болды
Фото: inform. kz

«Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлаған 2005 жылы туған елорда тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен өзге де деректері жария етуге жатпайтыны туралы ескертілді.