25.09.2023, 18:00

Алматыда 4 жасар бала өгей әкесінің қолынан қаза тапты

Фото: pixabay

Алматыда өгей әке 4 жасар баланы соққығы жығып, соның салдарынан бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында хабарлады.

«НемолчиKZ» қорына жантүршігерлік ақпарат келіп түсті. 4 жасар сәбиді өгей әкесі ұрып өлтірген. Наурызбай ауданының полиция бөлімінен осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз! - делінген жазбада.