Оралда көшеде жыныстық қатынасқа түскен екі ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде екі ер адамның жыныстық қатынасқа түскен видеосы жарияланды. Оқиға Орал қаласының Зашаған кентінде болған.

Оралда көшеде жыныстық қатынасқа түскен екі ер адам ұсталды
Фото: stan.kz

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушы 40 және 38 жастағы екі ер адамды ұстады. 

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қыркүйекте, №6 емхананың алдында болған.

Сондай-ақ оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.