20 қыркүйектен бері Қарқаралы ауданындағы «Берлога» демалыс аймағы аумағында орманда адасып кеткен 1951 жылы туған әйелді іздеу жұмыстары жүргізілді. Ол саңырауқұлақ теруге кеткен. Жоғалған әйелді іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, ТЖМ 52859 әскери бөлімі, полиция департаменті мен ерікті тұрғындар жіберілді.
24 қыркүйекте сағат 10:54-те «Берлога» демалыс аймағынан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде іздестіру тобы із-түзсіз жоғалған әйелді тапты, - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.