Алматыда автобус екі адамды қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда автобус жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамдарды қағып кетті. Екі адамның бірі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда автобус екі адамды қағып кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 9 қыркүйек күні таңғы сағат 09:05 шамасында болды.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді, - деп хабарлады ведомстводан.

Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптамалар тағайындалды.