Алматыда достарымен тауға шыққан турист жоғалып кетті

Құтқарушылар жоғалып кеткен туристі түні бойы іздеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда достарымен тауға шыққан турист жоғалып кетті
фото: ктк

Іле Алатауы тауларында Советов шыңы ауданында 33 жастағы әйел жоғалып кетті. Тауға саяхаттауға барған достар таудан түскенде бір-бірінен ажырап қалған. Жоғалған адамды іздеу жұмыстары төрт сағатқа созылды.

«Өтініш берушіде де нақты геолокация болған жоқ. Жоғалған адаммен байланысу мүмкін болмады. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Советов шыңына шығып, іздеуге кірісті. Құтқарушылар түнгі уақытта төрт сағат бойы таулардан туристі іздеді, ол кәсіпқойлығының арқасында келесі күні таңертең 5:16-да табылды. Сағат 7:50-де құтқарушылар туристі РЖҚЖ жедел көлігіне түсірді»,-делінген хабарламада.