Баласын аңға алып шыққан әке қатты өкініп қалды – полиция оқиғаның мән-жайын жариялады

Ішкі істер министрлігі аңшылық кезеңінің басталуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Баласын аңға алып шыққан әке қатты өкініп қалды – полиция оқиғаның мән-жайын жариялады
© Photo : nikolabelopitov

2 қыркүйекте республика бойынша күзгі аңшылық кезеңі басталды. Әкімшілік полиция комитеті қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов аңшыларды аң аулау қағидаларын және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтау қажеттін ескертті.

"Бүгінгі күні аң аулау кезінде бұндай фактілер өкінішке орай орын алып отыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында әкесі баласымен аңға шыққанда баласына қаруды берген. Баласы қаруды ұстау ыңғайын білмей өзінің аяғын атып алған", - деді Ыдырысов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қорықшылар қызметі аң аулау кезеңінде бақылау шараларын күшейтіп отырады. Ал полиция табиғатты қорғау органдарына рейдттік іс-шараларды өткізуге көмектесіп жүреді.