Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Маңғыстау облысындағы ірі жол апаты видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Paryz.kz "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Бейнеуде 7 қыркүйекте сағат 15:10 шамасында үш көлік соқтығысқан. Hyundai Sonata маркалы автокөлігі бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, "ВАЗ 21703" және Lexus RX330 көліктеріне соқтығысқан.

Видеода көліктердің бірінің жолаушысы бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай өтіп бара жатқан жүргізушіні видеоға түсіріп тұрғаны көрінеді.