Департаменттің мәліметінше, қақтығыс 20 мен 26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар арасында болған. Тәртіп сақшылары олардың кім екенін анықтады.
«Төбелеске қатысқандардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.
Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға орнынан травматикалық тапанша табылды. Ол тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық департамент ерекше бақылауға алды.