Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соқты. Қазір барлық қыз бас жарақаттарымен, сынықтарымен, денелерінде гематомалармен ауруханада жатыр, - делінген жазбада.
Осы оқиғаға байланысты Абай облысының полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі («Бір топ адам жасаған бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қазір тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомство өкілдері зардап шеккендердің жасын нақтылаған. Олар – 1997-2002 жылдар аралығында туған қыздар.
Әзірге сотқа дейінгі өзге тергеу деректері жария етілмейді.