23.08.2023, 15:59

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

фото: tengrinews.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Paryz.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 23 тамызда сағат 08:45 шамасында Самара – Шымкент автожолында Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл автокөліктің 44 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.