Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жасар қыз қайғылы жағдайда көз жұмды

Екі қайғылы оқиға бір-біріне жақын орналасқан демалыс орындарында болған, деп хабарлайды Paryz.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жасар қыз қайғылы жағдайда көз жұмды
Фото: zakon.kz

Жедел жәрдем мәліметінше, «Монтажник» демалыс базасында кеше 11:47-де 14 жасар қыз қайтыс болды.

Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы «Бриз» демалыс орнында болды. Ер адам суға батып кеткен. Оның жасы 36-да болған. 18:00-де өлімі тіркелді. Желі қолданушыларының айтуынша, қайтыс болған ер адам – бес баланың әкесі.

Екеуі де жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.