16.08.2023, 15:57

Шымкентте жол апаты кезінде мотоцикл жүргізушісі мерт болды

фото: inform.kz

Бүгін, 16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Шымкенттегі Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысты, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Салдарынан 28 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайтты Шымкент қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.