Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото: stan.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Ақсу-Аюлы кентінен 50 шақырым қашықтықта орналасқан Алматы – Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған. Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның 2 жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ Chevrolet көлігінің 28 жастағы жүргізушісі және екі көліктің 7 жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.