Алматы облысында баланы найзағай соқты

Алматы облысында 11 жасар баланы найзағай соқты. Салдарынан арқасы, белі және сол аяғының төменгі бөлігі қатты күйіп қалды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы облысында баланы найзағай соқты
© AFP 2023 / JULIAN STÄHLE

Қарасай ауданында тұратын жәбірленуші Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасына 31 шілдеде түскен. Сол жерде оған шұғыл көмек көрсетілді.

"Науқасқа арқа, бел аймағы және сол аяғының төменгі бөлігін термиялық күйік шалған деген диагноз қойылды. Қазір бала жарақат бөлімінде емделіп жатыр. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланған", - деді аурухана директорының орынбасары Асқар Қалиев.

Дәрігерлер шілде-тамыз айларында найзағай соғу жағдайлары көбейетінін ескертіп, ата-аналарды балаларына сақболуға шақырды.