11.08.2023, 10:17

Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйде табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Марқұмның мәйіті Қостанай облысы Федоров ауданы Костычевка ауылынан 6 шақырым жерде табылған.

«Ер адам үйінен 7 шілдеде шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ол азаматқа іздеу жарияланған болатын. Марқұмды саңырауқұлақ терушілер тауып алған. Қазіргі күні тергеу басталып, бірқатар сараптамалар жасалып жатыр», - делінген хабарламада.