Оралда ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді

Орал қаласында ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Оралда ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді
Фото: stan.kz

Instagram әлеуметтік желісінде жануарларды қорғау жөніндегі Inucobo қауымдастығы мәлім еткеніндей, ер адам пышақпен қалада еркін серуендеп жүрген.

«Бәрі балалардың көзінше болды. Волонтерлар шағым түсірді, бірақ олар полиция қызметкерлерінің істі жан-жақты қарағысы келмеуіне наразы», делінген жазбада.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 5 тамызға қараған түні сағат 00.30-да Гагарин көшесі 36/2-мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болғанын жеткізді.

«Ер адам итті пышақтап өлтірген. Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті анықталды. Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 316-бабына (жануарларға қатыгездiкпен қарау) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде», деп хабарлады ведомстводан.