Шымкентте полиция қызметкері 2 адамды көлікпен қағып кетті

Шымкентте полицейдің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте полиция қызметкері 2 адамды көлікпен қағып кетті
Фото: polisia.kz

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран аудандық полиция бөлімінің жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды. Сотқа дейінгі тергеумен ПД-ның анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында