03.08.2023, 14:18

Ақтөбе облысында жасөспірім 3 адамды қағып кеткен: 3 жастағы бала қаза болды

Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында жасөспірім үш адамды қағып кетті. Үш жастағы бала қаза болды, тағы екі жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Paryz.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтемес жасап.

Қайғылы оқиға 2 тамызда сағат 21:30-да Сарыжар ауылында болған.

Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қаза болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.