Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты, деп хабарлады Paryz.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Фото: polisia.kz

Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

«Автокөлік жүргізушілерінен жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», - деп хабарлады Polisia.kz.