Қарағанды ​​облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысында екі бірдей адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағанды ​​облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты
Фото: Azattyq Ruhy

Еkaraganda жазуынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 27 шілдеде түнде Балқаш пен Шашубай ауылы арасындағы тасжолдың бойында болған. Көлік қатты жылдамдықпен келіп қоршауды бұзып, саяжай ауласына кіріп кеткен. Соның салдарынан ер адам мен әйел адам қаза тапқан.  

«Облысының полиция департаменті хабарлағандай, Toyota Camry көлігін басқарған 38 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Соның салдарынан қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік саяжай қоршауын бұзып, аулаға кіріп кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты ал көлікте болған 33 жастағы әйел басы, кеудесі және қабырғасының сынуы салдарынан ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Балқаш қаласының қонақтары мен тұрғындарын жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Жол қозғалысының жылдамдығын асырмауға, қарсы бағытқа шықпауға және мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырамыз», — деді Балқаш қалалық ПБ бастығының міндетін атқарушы Ерғазы Артықбаев.

Балқаш қалалық ПБ мамандарының айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері –жылдамдықты арттыру, қарсы бағытта жүру және жолды дұрыс емес жерден кесіп өту, көлікті мас күйінде жүргізу. Көлік жүргізушілері ғана емес, жаяу жүргіншілер де жол ережесін мүлтіксіз сақтап, өзінің де, өзгенің де өміріне жауапты екенін ұмытпауы керек.