Алматыда фитнес жаттықтырушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Жаттықтырушының өліміне кінәлі күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда фитнес жаттықтырушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды
фото: polisia.kz

Белгілі болғандай қаза болған азамат пен оның танысының арасында жанжал болған. ҚР ІІМ баспасөз қызметі осы қылмысқа қатысты түсініктеме берді.

Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Т. есімді азамат пен оның танысының арасында жанжал болған, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.