Ақтауда 9 жасар бала бассейнге батып кетті

Ақтаудағы демалыс орындарының бірінде 9 жасар бала бассейн суына батып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда 9 жасар бала бассейнге батып кетті
Фото: lib.komarovskiy.net

Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде демалыс орындарының бірінде болған.

«102 кезекшісіне сағат 15.12-де қоңырау түсті. Тергеу-жедел тобы шақыртуға шықты. Бала бассейнге батып кеткен, ата-анасы солжерде болған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомство аталған дерек қалалық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне «Адам өлімі» бабы бойынша тіркелгенін айтты.

Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.