Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды, деп хабалайды Paryz.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Оқиға бүгін «Ақтөбе-Орынбор» автожолының 20 шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуымен болды.

Салдарынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.