Батыс Қазақстанда жол апатынан тағы екі адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан тағы екі адам мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда жол апатынан тағы екі адам мерт болды
фото: ПД

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

«Сағат 18.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты күре жолының 10-шақырымында 1983 жылғы жүргізуші «ВАЗ-21114» автокөлігімен келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан 1981 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21120» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Бұл – бір күнде болған екінші қайғылы оқиға.