Оралда төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған

Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды Paryz.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған
фото: inform.kz

Департамент мәліметінше, оқиға 12 маусымға қараған түні болды.

Шамамен сағат 01.00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Аталған жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағандары үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, деп хабарлады ведомстводан.