Стамбұл-Алматы бағытындағы ұшақ бір топ құспен соқтығысып қалды

Түрік газетінің хабарлауынша, TK-6220 рейсі 08:40-та ұшқан.

Стамбұл-Алматы бағытындағы ұшақ бір топ құспен соқтығысып қалды
фото: дереккөз

Turkish Airlines компаниясына тиесілі Cargo Boeing 777 ұшағы Стамбұлдағы Ататүрік әуежайынан ұшып шығып, көп ұзамай бір топ құстармен соқтығысты, деп хабарлады Stan.kz, Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап.

Түрік газетінің хабарлауынша, TK-6220 рейсі 08:40-та ұшқан. Құстармен соқтығысқаннан кейін командир әуежайға оралуға шешім қабылдады. Экипаж жанармай төгілгеннен кейін әуе кемесін апаттық жағдайда рұқсат етілген қону салмағында қондырды.

Оқиға салдарынан Boeing 777 мұрын конусы мен ауа қысымын қабылдағыштары зақымданды. Ұшақ жөндеуге арналған ангарға жіберілді.