Қарағандыда жол апаты болып, жүргізуші көлігімен бірге тірідей жанып кетті

Қарағандыда жол апаты болып, жүргізуші көлігімен бірге тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда жол апаты болып, жүргізуші көлігімен бірге тірідей жанып кетті
Фото: видеодан скриншот

28 маусым күні сағат 18:00 шамасында Қарағанды қаласында Федоров су қоймасына барар жолда, «Мерседес Бенс 124» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашпен соқтығысып, көлік өртеніп кетті.

Салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

AMP

Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.