Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Фото: видеодан скриншот

Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған.

Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді.

"Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - дейді ПД өкілдері.