Қызылорда облысының тұрғыны егіз сәбиін сатып жіберген

Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды, - деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының тұрғыны егіз сәбиін сатып жіберген
Фото: Azattyq Ruhy

"Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.